СҚО-да аудандық ауруханада 54 млн теңгенің заң бұзушылығы анықталды

СҚО бойынша тексеру комиссиясы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қатарына кіретін Тимирязев аудандық ауруханасында тексеріс жүргізді. Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша 54,3 млн теңгенің заң бұзушылығы анықталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Аталған соманың 1,7 млн теңгесі қаржылық бұзушылыққа жатады. Оның 454,5 мың теңгесі кәсіпорынның кірісіне өтеліп, 1,2 млн. теңгесі қалпына келтірілуі тиіс. Сондай-ақ тексеріс қаржының басым бөлігі, яғни 52,7 млн теңгесі тиімсіз жоспарланғанын анықтады. Рәсімдерді орындау тәртібінің 21 бұзушылығы және 2 кемшілік анықталды. Облыстық бюджеттің шығыны 120,6 мың теңгені құраған.

«Барлық анықталған қаржылық бұзушылықтар кәсіпорынның кірісіне өтеу және бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіру жолымен толық көлемде жойылды. Аудит объектісі Мемлекеттік сатып алу, еңбекақы төлеу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде, бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау кезінде және т. б. заңнаманы бұзуға жол берді. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзғаны үшін, әкімшілік өндірісті қозғау үшін мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерін бұзу фактілері бойынша материалдар Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді.

Сондай-ақ, Тимирязев ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасына жіберілген материалдар бойынша аудит объектісі ҚР ӘҚБтК 205-бабының 2-бөлігі бойынша 60,3 мың теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — дейді СҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Тимур Тұрсынов.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Оларға сөгіс жарияланды.

Тағы оқыңыз: Қазақстан Үкіметі «Қолжетімді интернет » ұлттық жобасын бекітті

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x