СҚО-да ауаны ластау фактілері тіркелді

Солтүстік Қазақстанда биыл 10 мыңнан астам атмосфералық ауа сынамасы зерттелген. Оның ішінде 24-інде концентрацияның нормадан көп екені анықталды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары Ұлттық сараптама орталығымен бірлесе тұрғын үйлер мен автожолдардың аумағында атмосфераның ластануына мониторинг жүргізді.

«Атмосфераға шығарылған газдарда 24 химиялық ингредиенттерді анықтау үшін ауа сынамалары алынады. Оның ішінде қауіптіліктің 1-2 класындағы 8 ингредиент бойынша. Қала атмосферасы негізінен автомобиль көлігінен шығатын заттардың артуынан ластанады. Ластаушы заттардың арасында бірінші орында көміртектің толық емес тотығу өнімі — көміртегі тотығы немесе тұншықтырғыш газ тұр»,- деді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекші маманы Айгүл Мурталимова.

2024 жылдың 6 айында 10 755 сынама зерттелген. Оның  ішінде  шекті рұқсат етілген концентрациядан асқан 24 атмосфералық ауа сынамасы тіркелді. Петропавл қаласының автомагистральдарында қауіптіліктің II — IV сыныптарының   екі  ингредиенті бойынша нормадан асу тіркелді.  

«Адамдар мен үй жануарлары шаңды ауаны ұзақ уақыт дем алған жағдайда шаңды пневмония деп аталатын ауруға шалдығады. Жанама зиянды әсерлерге қала ауасының шаңдануы жатады. Ірі қалалардың үстіндегі атмосфера шамадан тыс шаңданған кезде тікелей күн радиациясы төмендейді. Ультракүлгін сәулелердің түсуі айтарлықтай төмендейді. Бұл қала ауасында патогендік бактериялардың көбеюіне әкеледі. Ауаның ластануымен күресуде ең қолайлы құралдардың бірі —  қаладағы жасыл аймақтарды дамыту үшін ағаштарды отырғызу»,- дейді маман.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жылыту маусымына дайындалу үшін үш миллиард теңге  бөлінді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x