Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір маңызды жоба іске аспақ. Бұл туралы облыстық әкімдік өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Италиялық «Prosol Spa» компаниясы өңірде мал азығына арналған ашытқы өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Бұл жоба «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылады.

СҚО-да ашытқы өндіретін зауыт салынады
СҚО-да ашытқы өндіретін зауыт салынады

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен «Prosol» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Адальберто Вилла және атқарушы директоры Даниэле Бонвичини арасында өткен кездесуде инвестициялық жобаның барлық аспектілері талқыланды.

«Инвесторларға сенім білдіріп, өңірдің дамуына қосқан үлестері үшін алғысымды білдірдім. Өз тарапымыздан жобаны жан-жақты қолдауға дайынбыз. Солтүстік Қазақстан өңірі тиімді серіктестікке ашық!», — деді Ғауез Нұрмұханбетов.

СҚО-да ашытқы өндіретін зауыт салынады
СҚО-да ашытқы өндіретін зауыт салынады

Жоба аясында 3 миллиард теңге инвестиция тартылып, жылына 3 000 тонна өнім өндіретін зауыт салынады. Кәсіпорын 40 жаңа жұмыс орнын ашып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуды көздейді.

Зауыттың өнімі — мал азығына арналған ашытқы — ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл әсіресе сүт және етті мал шаруашылығы белсенді дамып келе жатқан өңір үшін аса маңызды.

Бұл жоба Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға және өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

 

Тағы көріңіз: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментіне жаңа басшы келді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *