СҚО-да анасы пышақтаған қыздың жағдайы белгілі болды

СҚО дәрігерлері анасының қолынан жарақат алған қыздың жағдайы туралы айтты. 18-ші қыркүйек күні оқушы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген, деп жазады Qazaqstan Media.

Пышақ жарақатын алған қыз бала алдымен аудандық ауруханаға жатқызылды. Баланың денсаулығы ауыр деп бағаланып, санавиация арқылы облыс орталығынан щалғай ауылға жедел түрде реаниматолог, хирург дәрігерлері жөнелтілді. Олар бірден қыз балаға ота жасаған.

«Мамандарымыз аудандық аурухана деңгейінде ота жасады. Кейін бір тәулік бақылауда ұстап, қыздың жағдайы тұрақталғасын облыс орталығына жеткізуді ұйғардық. Пациент жолды жақсы көтерді. Қазір жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр болса да тұрақты. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», — деді облыстық көпбейінді балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы Александр Гассман.

11 жастағы зардап шеккен қыз есін жиған, өздігінен тыныс алуда.

Тағы оқыңыз: СҚО-да квадроцикл аударылып, төрт жасар бала қайтыс болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x