СҚО-да алимент төлемегендер қамауға алынды

Солтүстік Қазақстан облысында қадағалау органы жыл басынан бері алимент төлемеген  6 борышкерге қатысты әкімшілік іс қозғады. Сонымен қатар алимент төлемей жүрген 8 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Шал ақын аудандық сотының үкімімен баласына 7 айдан бері алимент төлемей келген борышкер  Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның баласы алдындағы қарызы 2,6 млн теңге болған. 

Ал Уәлиханов аудандық сотының шешімімен сәуірдің 18-і күні алимент төлемеуші С есімді азамат ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша 5 тәулікке қамауға алынды.

«Сонымен қатар 8 проблемалық борышкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.  Қабылданған қатаң шаралардың нәтижесінде алимент бойынша берешек жыл басынан бері 100 млн теңгеге (260 -тан 160-қа дейін) азайды. Қалған борыштарды өндіріп алу жұмыстары жалғасуда, оған барлық мемлекеттік және уәкілетті органдар тартылған», — деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Тағы оқыңыз: Енді несие алу үшін ерлі-зайыптылардың өзара келісімі керек

                               

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x