СҚО-да алимент төлемеген екі ер адам түрмеге қамалды

Солтүстік Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Мәселен, Шал ақын ауданында екі ер адам бас бостандығынан айырылса, үшеуі бес тәулікке қамауға алынды, деп жазады Qazaqstan Media.

Шал ақын ауданының прокуратурасы биыл алимент төлемдері бойынша сегіз млн теңгеден астам берешекті өндіріп алған. Мемлекет кірісіне екі млн теңгеден астам қарыз қайтарылды.

Құзырлы органның хабарлауынша, аталмыш ауданда  Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 669-бабына сәйкес  үш алимент төлемей жүрген азамат бес тәулікке дейін қамауға алынған. Ал екі борышкер қылмыстық жауапкершіліке тартылыпты.

«Борышкерлердің бірі «С» есімді азамат кәмелетке толмаған баланы асырау бойынша алименттік міндеттемелерін жеті айдан астам уақыт орындамаған. Оның 2,6 млн теңге қарызы бар. Сөйтіп, Шал ақын аудандық соты оған ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Басқа жағдайда, заңды күшіне енген сот шешімін алты ай бойы орындамағаны үшін борышкер «A» ҚК-нің 430-бабы бойынша бір жыл алты айға бас бостандығын шектеу түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылды», — деп жазылған облыстық прокуратура берген хабарламада.

Сонымен қатар, аудан прокуратурасы борышкерлерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді. Әр айдың 10-ы күні Жастар бастамалары орталығында «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өткізіліп, борышкерлерге бос жұмыс орындары ұсынылады.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы Бірлік шағын ауданында балабақша ашылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x