Солтүстік Қазақстан облысында алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болады. Бір де қалың қар түсіп боран соқса, енді бірде тұман түсіп, қар аралас жауынның соңы көктайғаққа ұласады. Түнде аяз да күшейеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Синоптик мамандар алдағы үші күнге болжамды ауа райын ұсынып отыр. Айтуларынша, ақпанның екінші онкүндігі өңірде құбылмалы болады. Кей аудандарда боран соқса, енді бірінде көктайғақ болады.
Ақпанның 10-ы күні жаңбыр, қар, бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіліп отыр. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Ауа температурасы түнде және күндіз 3-8 градус аяз, облыстың оңтүстігінде 0 градус болмақ.
11-ші ақпанда да ауа райы өзгеріссіз болады. Тек термометр көрсеткіштері төмендеп, ауа температурасы түнде және күндіз 13-18-ді көрсетеді.
Күн 12-ші ақпанда ашылады. Жауын-шашын күтілмейді. Тек, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түспек.Бірақ, түнде -25 градус аяз күтілуде. Дәл осындай ауа райы 13-ші ақпанда да сақталады.

Тағы оқыңыз: Жаңа Конституция ақиқатты айна-қатесіз жеткізіп, сындарлы сұхбат мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді – белгілі журналист

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *