Синоптиктер алдағы үш күнде Солтүсік Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады деп болжап отыр. Күн бұлттанып жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал. Сонымен қатар үскірік жүруі де мүмкін, деп жазады Qazaqstan Media.

«Қазгидромет» АҚ облыстық филиалының хабарлауынша,  алдағы күндері  жаңбыр мен найзағай күтіледі.

«28 сәуірде Петропавлда термометр бағанасы 21-23 градусқа дейін көтеріледі. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан болады. Оның  екпіні 23-28 м/с дейін болуы мүмкін.Түнде желдің күшеюі 30 м/с дейін болады», — деді синоптиктер.

Облыс бойынша ауа температурасы күндіз 19-24 градусқа дейін көтеріледі. Өңірдің  оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады деп болжануда. Дәл осындай ауа-райы құбылыстары аймақтың батыс аймақтарында да күтілуде.

Сәуірдің 2-ы күні күн суытады деп болжанып отыр.

«Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын болуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Ауа температурасы 5-10 градус  жылы  болады. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін, кейде 30 м/с және одан да көп болуы ықтимал»,-деп отыр  мамандар.

Дәл осындай температура 30-шы сәуірде сақталады. Түнде облыстың батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарында нөлден минус үшке дейін аяз болуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда мамыр айында қанша күн демалыс болады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *