Синоптик мамандар алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады. Желтоқсанның жетісі мен тоғызы аралығында еліміздің барлық аумағында аяз көтеріледі, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
«Қазгидромет» мекемесі таратқан ақпаратқа сүйенсек, республикамыздың көп бөлігіне солтүстік циклоны әсер етеді. Ол қар мен аяздың күшеюіне әкеледі.
«Солтүстік Қазақстанда бұл күндері -20, -25 градус аяз болдаы деп болжанып отыр. Аймақтың орталық бөлігінде -15, -28, шығысында -18, -21 және оңтүстік аудандарда -8, -21 градус суық болады», — деп хабарлады сиоптиктер.
Ал еліміздің шығысында қалың қар түсіп, боран болады. Оңтүстік облыстарда қар аралас жаңбыр түсуі ықтимал. Сондай-ақ таулы аймақтарда жауын-шашын болады. Шығыс және Орталық Қазақстан облыстарында көктайғақ болады деп болжанып отыр.
Тағы оқыңыз: СҚО-да заңсыз вейп сатқан жігіт бес жылға сотталуы мүмкін