СҚО-да 82 жеке тұлға банкрот деп танылды

Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, өңірде жыл басынан бері соттан тыс банкроттыққа 397 жеке тұлға өтініш берген. Оның ішінде 82 азаматтың соттан тыс банкроттықа рәсімі аяқталып, банкрот деп танылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Енді қазақстандықтар банкроттыққа онлайн режимде өтініш бере алады. Ол үшін жаңадан «Qoldau» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Оған 24 мемлекеттік органның базасы біріктірілген. Порталдың тағы бір артықшылығы – жеке тұлғаға өтініші мақұлданбаған жағдайда себебі мен қандай деректерді түзету қажеттігі туралы хабарлама келеді.
Жалпы, өтінім 15 күн ішінде қарастырылып, шешім шығады. Талаптарға сай болатын болса, банкроттық рәсімі басталып, алты ай ішінде жүргізіледі. Кейін нақты банкроттық туралы шешім шығады. Өтінім бойынша кері қайтарылған болса, жеке тұлға үш айдан кейін қайта өтініш беруге құқылы.
Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, өңірде жыл басынан бері жеке тұлғалар соттан тыс банкроттыққа 397 өтініш берген. Оның ішінде 107 өтініш қабылданып, қалғанынан бас тартылыпты. Бүгіндері 13 өтініш қаралуда, 7 құжат алушымен тоқтатылған. Ал 82 жеке тұлғаның соттан тыс банкроттыққа рәсімі аяқталып, банкрот деп танылды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге ел бойынша ең көп баспана салынып, берілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x