Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Шілде айына дейін, яғни төрт ай ішінде 502 солтүстікқазақстандық жігіт Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Кімдер әскерден босатылады? Өңірде әскерге барудан қашып жүргендер қанша? Qazaqstan Media тілшісінің сұрағына облыстық қорғаныс істері департаменттің басығы Ернар Мейірханов жауап берді.

Көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде 502 солтүстікқазақстандық жігіт Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Олардың ең көбі, яғни 225 азамат еліміздің қарулы күштерінің қатарын толықтырмақ.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі — 5 адам;

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі — 17 адам;

ҚР ҰҚК Шекара қызметі — 35 адам;

ҚР Ұлттық ұланы — 220 адамды шақыруды жоспарлап отыр.

Бүгіндері 1722  солтүстікқазақстандық жігіт іріктеліп алынған. Оның 1372-сі әскерге «жарамды» болғанымен, денсаулығында аздаған кінәрат анықталған.

«Ал 11402 солтүстікқазақстандық жігіт әскерден босатылған. Олардың 8057-сі білім алып жатса, 563-і отбасылық жағдайына байланысты әскерге бара алмайды. Сондай-ақ істі болған 134 адам да осы ізімде. Ал 491 «жарамсыз» деп танылған болса, 398 азаматтың жасы 27-ден асып кеткен», — деп хабарлады облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы Ернар Мейірханов.

Бұл тізімде әскерге барудан қашып жүргендер де бар. Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарып, іздеуде жүргендердің саны 795 адамға жеткен.

Былтыр күзгі әскерге шақырту маусымы кезінде әскерге барудан жалтарып жүрген 96 адам анықталды. Оның 24-і әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

305 мың теңге төлеп, бір ай ішінде әскери билетті алуға болады

Бүгіндері ел азаматтары әскери билетті бір ай ішінде ала алады. Ол үшін елімізде арнайы әскери-техникалық білім ордалары жасақталған. Биыл олардағы оқыту құны – 305 мың теңгені құрайды.

«Ақылы негіздегі әскери қызметтен 24 ден 27 жасқа дейінгі, денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметке жарамды немесе жарамдылығы шектеулі, соның ішінде әскери қызметке шақыру мерзімі кейінге қалдырылған азаматтар өте алады. Азаматтарды әскери-техникалық және басқа әскери мамандықтар бойынша ақылы негізінде даярлау ҚР Қорғаныс министрлігі көрсететін  мемлекеттік қызмет болып табылады. Былтыр өңірдің 62 тұрғыны осындай даярлықтан өткен», — деп толықтырды Ернар Мейірханов.

Тағы оқыңыз: Жасөспірімдер суициді, балаларға қатысты зорлық-зомбылық: СҚО прокурорлары 81 топты бұғаттады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *