СҚО-да 800-ден астам бала жүректің туа біткен ауруымен есепте тұр

Солтүстік Қазақстанда 18 жасқа дейінгі 817 бала жүректің туа біткен ауруымен есепте тұр. Бірақ оларға консультативтік көмекті Астана қаласының ғылыми медицина орталығынан келген  кардиохирург мамандар береді. Себебі, СҚО-да  кардиохирург жоқ, деп хабарлайды  Qazaqstan Media тілшісі

Туа біткен жүрек ақауы өте күрделі процесс. Бұл ауруды қазір нәресте анасының құрсағында жатқанда арнайы УЗИ арқылы анықтай алады. Жүрек ақауы тұқым қаулауы мүмкін. Және егер әйел адам жүкті кезінде қандай да бір аурумен ауырып, антибиотик қабылдаған болса соның зияны балаға әсер етуі мүмкін дейді мамандар. Сонымен қатар, тіпті экология мен дұрыс тамақтанбаудың да әсері туа біткен жүрек ақауларына әкелуі мүмкін екен.

СҚО-да 800-ден астам бала жүректің туа біткен ауруымен есепте тұр

«Туа біткен жүрек ақауларының бірнеше түрі болады. Кейбіреулерінде туылғанда осы диагноз қойылып, кейінен жазылып кетуі мүмкін. Яғни, бұл жеңіл түрі. Ал егер ауыр түрі болса оған міндетті түрде ота жасалуы керек.  Және осы ауру бойынша есепке тұрған әрбір бала кардиологтың бақылауында болуы тиіс», — дейді кардиохирург Ринат Майоров.

Туа біткен жүрек ақауын ерте кезеңде анықтау,ға болады. Сол себепті де дәрігерлер уақытылы емдеуге кірісу қажет дейді. Қазір өңірге іс-сапармен астаналық мамандар келген. Олар екі күннен бері қабылдау жүргізіп жатыр. Бір күннің өзінде 80-нен астам баланы тексерген.

«Біз аурудың дәрежесіне қараймыз. Егер баланың жағдайы ауыр болса Астана қаласына жолдама береміз де, сол жақта емдеп, ота жасаймыз. Ал егер жағдайы қалыпты болса, кардиологтың бақылауына болуы керек екенін айтамыз. Алайда, бұл ата-аналарға психологиялық жағынан ауыр тиеді. Баласына ота жасатқан ана емдеу процесі қалай болатынын біледі. Және олар сабырлық таныта алады. Ал кардиологтың бақылауында есепте тұрған балалардың ата-аналарының бойында қорқыныш, үрей болады. Жалпы біздің орталық мамандары  жыл сайын «консультативтік кеңес халыққа көмек» бағдарламасы аясында облыстарға шығып, осындай қабылдау өткізеді», — дейді маман.

Бүгін кардиохирургтың қабылдауына келгендердің бірі – Надежда Свечкарева. Оның қызы Маргаритаға екі айлығыныда жүректің «ашық сопақ терезесі» диагнозы қойылған екен.

СҚО-да 800-ден астам бала жүректің туа біткен ауруымен есепте тұр

«Ең алдымен біз пневмания болып ауруханаға жатып шықтық. Бұл диагноз сол кезде қойылды. Ешқандай емдік шаралар жүргізілген жоқ. Тек бақылауда болдық. Бүгін арнайы дәрігердің қабылдауына келдік. Тексеріп, барлығы жақсы деді. Енді қайтадан бір жылдан кейін  кардиологқа барып, қаралу керек», -дейді өңір тұрғыны Надежда Свечкарева.

Айта кетейік, қазіргі кезде облыста тек екі балалар кардиологы бар.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x