«Уақытпен үндес үн»: Азаматтық қоғам және ұлттық құндылықтар. Петропавлда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен XII азаматтық форум өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бүгінде аймақта 460-тан астам үкіметтік емес ұйым бар. Оның 80-і аудандарда орналасқан. Бірлестіктер түрлі жобаларлы жүзеге асыру арқылы облыстық дамуына зор үлесін қосып келеді. Ұйымдардың атқарған жұмысын бас қосудың шымылдығын ашқан облыс әкімінің орынбасары жоғары бағалады.

СҚО-да 460-тан астам үкіметтік емес ұйым бар
СҚО-да 460-тан астам үкіметтік емес ұйым бар

«ҮЕҰ — билік пен халықтың арасындағы көпір болып табылады. Биыл біз аталған бірлестіктермен бірге ұлттық құндылықтар мен патриотизмді дамытуға арналған түрлі жобаларды іске асыруды жоспарлап отырмыз. Ойлағанымызды тек күш-жүгірімізді біріктірсек қана іске асыра аламыз»,- деді СҚО әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов.

Форумға арқау болған тақырып өзекті. Азаматтық қоғам адамдардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етеді. Көбінесі әлеуметтік мәселерді алға қойып, оларды шешуді мақсат тұтады. Яғни, халықтың мүддесін қорғайтын ең негізгі сала деп айтуға болады. Бас қосуға арнайы келген ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова ҰЕҰ-ға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетіні жеткізді.

СҚО-да 460-тан астам үкіметтік емес ұйым бар
СҚО-да 460-тан астам үкіметтік емес ұйым бар

«СҚО жастарға көп көңіл бөлінетіні қуантады. Өңірдені үкіметтік емес ұйымдар аса белсенді. Халықпен тығыз байланыста. Мақтауға тұрарлық деп айтқым келеді», -деді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айдана Құрманова.

Шарада сондай-ақ ұмыт қалып бара жатқан ұлттық құндылықтар мен ата-ананың балаға жеткілікті көңіл бөлмеуі жайлы айтылды.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданында «Мерейлі отбасы-2025» байқауының аудандвқ кезеңінің жеңімпазы анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *