Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласында қазіргі таңда 16 мыңнан астам педагог еңбек етеді. Оның ішінде жалпы білім беретін мектептерде – 11 620 мұғалім жұмыс істейді. Бірақ алдағы 2025–2026 оқу жылына қарай облысқа 985 педагог қажет. Оған қоса 44 мектепте директор жоқ, Qazaqstan Media.

Мұғалімдердің басым бөлігі, яғни 675-і – ауыл мектептеріне керек. Маман тапшылығын азайту мақсатында биыл өңірде 493 студент педагогикалық жоғары оқу орнын, ал 432 түлек М. Жұмабаев атындағы Жоғары колледжді аяқтады. Енді олардың мектептерге жұмысқа орналасуы облыстық Білім департаментінің бақылауында болады.

СҚО-да 44 мектепте директор жоқ
СҚО-да 44 мектепте директор жоқ

«Сонымен қатар, облыстағы 444 мектептің 44-інде директор жоқ. Басшылық қызметке лайықты кандидаттарды табу үшін «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасынан өткен педагогтарды тарту ұсынылуда»,-деді өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте СҚО білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің  басшысы Гүлнәр Таласбаева.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығына 38 білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізу жоспарланған. Олардың барлығы мемлекеттік орта білім беру ұйымдары болып табылады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан тіркелмеген 94 қару анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *