СҚО-да 4 мектеп әлі күнге дейін жаңа оқу жылына дайын емес

Солтүстік Қазақстанда төрт бірдей мектеп 1-ші қыркүйек күні балаларды қабылдай алмайды. Білім ордаларында жөндеу жұмыстары тым ұзаққа созылып кеткен. Оны мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерген Қазақстанның оқу-ағарту министрлігі анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазақстанның оқу-ағарту министрлігі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізді. Тексеріс барысында 68 білім ордасының дайын емес екендігі анықталды. Оқу орындарындағы жөндеу жұмыстары тым ұзаққа созылып кеткен. Шаруа 1-ші қыркүйекке дейін аяқталмайды. 

«Егер мердігер компаниялар басталған жұмысты мерзімінде аяқтамаса, білім басқармалары оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және оқушыларды білім беру мекемесіне және үйіне тасымалдауды ұйымдастыру үшін оқушыларға басқа білім беру орындарын уақытша белгілейді», — деді оқу-ағарту министрлігіндегілер.

Жаңа оқу жылына:  

Ақтөбе облысында – 12,

Алматы облысында – 10,

Атырау облысында – 10,

Ақмола облысында – 7,

Түркістан облысында – 5,

Жамбыл облысында – 5,

Қостанай облысында – 3,

Батыс Қазақстан облысында – 2,

Солтүстік Қазақстан облысында – 4,

Шығыс Қазақстан облысында – 2,

Қарағанды облысында – 1,

Абай облысында – 1,

Ұлытау облысында – 1,

Алматы қаласында – 5 мектеп дайын емес.

Тағы оқыңыз: Қыз алып қашқандарға тағайындалатын жаза күшейтілмек

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x