СҚО-да 2024 жылы 22 млн тал егіледі

Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттердің бірі. Бұл туралы Қазақстан халқына арнаған жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Мемлекет басшысы екінші қыркүйекте ел халқына арнаған жолдауында табиғатты қорғау, көгалдандыру мәселесіне кеңінен тоқталды. Ол бұл салаға озық технологияларды пайдалану керектігін жеткізді.

«Бизнес өкілдері табиғатты қорғау ісіне зор жауапкершілікпен қарауы керек. Үкімет пен «Атамекен» палатасы осы бағытта нақты шаралар қабылдауға тиіс. Бұл салаға озық технологияларды кеңінен енгізу жұмысын жалғастыру қажет. Табиғатты ластайтын қалдықтарға мониторинг жасайтын озық жүйе ойдағыдай жұмыс істеуге тиіс»,- деді мемлекет басшысы.

Орман-тоғайлар жеріміздің бес пайызын ғана алып жатыр. Сондықтан табиғаттың әр алуандығын сақтау үшін орман алқаптарын көбейту керектігін тапсырды. 

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының орманды алқабы 5,5 % құрайды. Облыс әкімдігінің қарамағында 550 мың гектар орман қоры бар. Қазір өңір мамандары орман-тоғайды көгалдандыру бойынша кешенді жоспарды жүзеге асыруда. Бұл бағдарлама үш жылдан бері жұмыс істеп келеді және ол 2027 жылға дейін жалғаспақ. Осы уақыт ішінде мамандар 20 мың гектар орман қорына 122 млн көшет отырғызуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, 2021-2023 жылдар аралығында 28,2 млн көшет отырғызылған.

«2024 жылы орман отырғызу аумағы 3500 гектарды құрайды. Бұл алаңға 22 млн көшет отырғызылуы керек. Көктемде 1408 гектарға 8,9 млн тал егілді. Күзде тағы 13 млн  ағаш отырғызу керек», — дейді СҚО табиғат ресурстары және табиғатты пайдануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Василий Лабанчук. 

Биыл көшет отырғызу процесін механикаландыру үшін 39 млн теңгеге 36 ағаш отырғызу машинасы сатып алыныпты. 2024 жылы орман шаруашылығы қызметкерлері 5,5 млн тонна қайың тұқымын жинап, жоспарды орындаған.  

Орман мекемелерінде барлығы 48 уақытша орман тәлімбағы бар. Оларағы өсімдіктерді күтіп-баптауға  жергілікті бюджет есебінен  ақша бөлініпті. Ағаш егу бойынша барлық ақпарат геоақпараттық жүйелерді қолдануға негізделген республикалық интерактивті картаға енгізіліп отырады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда Солнечный-2 шағын ауданында электр подстанциясынан электр жабдықтары ұрланды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x