СҚО-да 2000-нан астам үй су астында қалды

Солтүстік Қазақстан облысында су басқан үйлердің саны 2122-ге жетті. Тек өткен тәулікте ғана 436 үйге су кірген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Тасқын судан зардап шеккен ауылдардың саны артып келеді.  Өткен тәулікте тасқын су Соколовка, Вишневка, Ольшанка, Большая малышка елді мекендеріне кіріп, тұрғындарды жедел түрде эвакуациялауға тура келді.

Жалпы қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындардың саны 10 345 адамға жетті. Оның 3 мыңы өткен тәулікте эвакуацияланды.

«Тасқын басталғалы өңірде 69 жол учаскесін су басқан. Қазіргі уақытта 17-сі әлі су астында тұр. Оның алтауы – республикалық маңызы бар автожолдар», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

СҚО-да қауіпті жағдай әлі де сақталған. Сергеев су қоймасында су деңгейі өткен тәулікте 29 см-ге түсті. Ал Петропавл су қоймасының деңгейі көтеріліп келеді. Өткен тәулікте 57 см-ге көтеріліп, 114,78% толды.

Тағы оқыңыз: Су тасқынынан зардап шеккен петропавлдықтар өтемақы алуға 15 сәуірден бастап өтініш бере алады

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x