Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға ресми сапары барысында итальяндық бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел өтті. Кездесуге Prosol BIOTECH Kazakhstan ЖШС компаниясының құрылтайшысы Даниэль Бонвицини де қатысты. Компания Петропавлда Qyzyljar АЭА аумағында жемшөп ашытқысын өндіру жобасын іске асыруда, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Qyzyljar АЭА басшылығы мен PROSOL BIOTECH Kazakhstan ЖШС компаниясы арасындағы кездесу аясында меморандумға қол қойылды.
«Егер жоба туралы айтатын болсақ, 2023 жылдың қараша айынан бастап компания Qyzyljar АЭА резиденті болып табылады. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Зауыт құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарлануда. Инвестиция сомасы-екі млрд теңге, жобаның қуаттылығы-жылына 3000 тонна», — деді Qyzyljar АЭА басшысы Дархан Амрин.
Жемшөп ашытқысы өсімдік және өсімдік емес шикізат субстраттарына негізделген арнайы биомасса. Ол ауылшаруашылықта малдарға жем ретінде қолданылады.
Тағы оқыңыз: Петропавлда түнде су құбыры жарылып, бірнеше нысан сусыз қалды