СҚО-да мемлекеттік органдардың тұрғындарға қалай көмек көрсететіндігі мен оларға жасалған жағдай тексерілді. Шараны ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті ұйымдастырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Тексеріс барысында мекемелерде пандустардың болуына және олардың нормативтік талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылды. Нәтижесінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің СҚО бойынша департаментіне 
25 мемлекеттік мекеменің тізімі жолданды. Оның 19-ында талапқа сай жұмыстар жүргізілмей келген.

Мәселен, Ақжар ауданында Кеңасшы, Кішіқараой, Восход, Құлыкөл ауылдық округтерінің әкім аппараттары мен аудандық полиция бөлімі және мұрағатында халыққа қызмет көрсетуге жағдай жасалмапты. Айыртау ауданындағы Қаратал, Қамсақты, Гусаковка ауылдық округтерінің әкім аппараттарында да жағдай осындай.

Бұл олқылықтар Есіл ауданы мен Уәлиханов,М.Жұмабаев аудандарының бірінеше ауылдық округтерінде анықталды. Ал, Петропавл қаласындағы СҚО бойынша экология департаменті халыққа қол жетімсіз болып отыр.

Тағы оқыңыз: № 13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Петропавл қалалық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының хабарламасы

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *