СҚО-да 1700-ден астам үй тұруға жарамсыз деп танылды

Солтүстік Қазақстанда тасқын судан зардап шеккен үйлерді тексерудің алдын ала қорытындылары шығарылды. Cу кірген төрт мыңға жуық баспананың  жартысына жуығы тұруға жарамсыз деп танылған. Бұл туралы облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында жазған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ойқала, Былғары, Заречное ықшам аудандары және Тепличное, Прибрежное ауылдарындағы мехбригадалардың жұмысы мен үйлерді жөндеу жұмыстарын бақылады. Зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, бекітілген аудан әкімдері орынбасарларының есебін тыңдады. Өңір басшысы барлық жұмыстарды сапалы әрі уақытында атқаруды тапсырды.

СҚО-да 1700-ден астам үй тұруға жарамсыз деп танылды СҚО-да 1700-ден астам үй тұруға жарамсыз деп танылды

«Бүгінгі таңда облыстағы үйлерді бағалау және техникалық зерттеуден өткізу бойынша барлық жұмыстар аяқталып, тұрғындарға құжаттама беріліп жатыр. Зақымданған тұрғын үйлерді тексерудің алдын ала қорытындылары шығарылды», — делінген жазбада.

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны кезінде 3898 үй зардап шекті. Оның 1720-сын қалпына келтіру мүмкін емес. Үйлері тұруға жарамсыз деп танылған тұрғындар үшін Солнечный – 2 шағын ауданында 520 үй салынып жатыр. Барлығы 700 үй тұрғызылады.

«Екінші нарықтан пәтерлер сатылып алынуда. Бүгінгі таңда 87 пәтер алынды. Солнечный – 2 ықшам ауданындағы жаңа баспанаға да 130 өтініш қабылданған», — деп көрсетілген облыс әкімінің әлеуметтік желдегі парақшасында.

Облыста 2178 үй жөндеуге келеді. Бүгінге дейін 270 үй иесі механикалық бригадалардың көмегімен үйлерін жөндеуге келісті. Бұл жұмыс жалғасуда. Қазір 136 үйде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 1055 үй бойынша зардап шеккен тұрғындарға өз күшімен үйді жөндеуге төлемдер жасалады.

Тағы оқыңыз: Жамбыл ауданының құрылыс бригадалары судан зардап шеккен үйлерді жөндей бастады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x