Қазгидромет мамандары 17 желтоқсанда Қазақстанда қандай ауа райы болатынын жариялады. Бұл күні еліміздің басым бөлігінде боран, көктайғақ, тұман түседі, деп жазады Qazaqstan Media.
Қазгидромет мамандары ел аумағында жел күшейіп, солтүстік-батыста боран болып, тұман түседі деп болжап отыр. Еліміздің батысында, солтүстік-батыста көктайғақ болады. Түнде солтүстік, орталық өңірлерде, сондай-ақ Жетісу облысының таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында аяз тұрып, 25-28 градус суық болады деп болжанып отыр.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстік және шығыс аудандарында боран болады. Желдің екпіні шамамен 23-28 м/с дейін болады деп болжанып отыр. Түнде ауа температурасы -10, -15°C, күндіз -6, -11°C шамасында. Петропавлда көшпелі бұлт жүріп, күндіз аздаған қар жауады. Боран соғуы ықтимал. Жел оңтүстіктен 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін болмақ.
«Ауа райына солтүстік циклон, сондай-ақ онымен байланысты атмосфералық фронттар салдары әсер етіп отыр. Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, солтүстік-батыста қар жауады», — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Тағы оқыңыз: Бүгін – Тәуелсіздік күні