Қызылжар ауданына қарасты Подгорное ауылында қайғылы оқиға орын алды. 14 жастағы бала Есіл өзеніне батып кетті, деп жазады Qazaqstan Media.
Оқиға 26-шы маусым күні болды. 2011 жылы туған бала белгісіз жағдайда жоғалып кетеді. Оны іздеуге полиция мен төтенше жағдай қызметкерлері жұмылдырылды. Арнайы іздеу бөлімінің мамандары баланың денесін Есіл өзенінен алып шыққан. Қазіргі кезде мәйіт сот медицицналық сарапатамасына жіберілді. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, облыста 60 орында ғана суға шомылуға рұқсат етілген. Петропавл қаласында ол-Пестрое көлі. Соңғы үш жылда облыста 16 адам суға кеткен. Оның төртеуі бала.
Тағы оқыңыз: Петропавлда жанып жатқан үйден 30 адамды эвакуацияланды