СҚО-да 10 жыл мұғалім болған келіншек Ақмола облысында есірткі сатумен айналысқан

10 жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық мектептерінің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген әйел есірткіні ірі көлемде сатқаны үшін ұсталды. Ол осыдан  бірнеше жыл бұрын жұмыстан шығып, есірткі заттарын қолдана бастаған. Заңсыз әрекетке барған әйелді полицейлер Ақмола облысының Степногорск қаласында ұстады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Әйелді тінту кезінде полицейлер 14 байлам есірткі тәркілеген. Кейінен 37 жастағы азамат басқа да наша  жасырған орындарын көрсетті.

«Ол жерден қызметкерлер тағы екі үлкен бомба деп аталатын және 4 доза бойынша оралған орам тапқан. Заңсыз әрекетке барған әйел Степногорск қаласына есітркі жасыру үшін бірнеше күнге келген екен. Жалға алған пәтерінен де жедел уәкілдер  тыйым салынған затпен тағы 105 орамды, сондай-ақ есірткіні доза бойынша өлшеп-орауға арналған құрылғыларды тапқан. Сараптама нәтижесіне сай, тәркіленген зат салмағы 62,5 грамм болатын мефедрон синтетикалық есірткісі екені расталған. Бұл өте үлкен мөлшерде есірткі сату қылмысы болып табылады. Ұсталған азаматшаның айтуынша, ол 2023 жылдың соңында Telegram қосымшасынан жұмыс тапқан. Жеңіл табыс оны қызықтырып, жұмыс істеуге келіскен.  Кураторының нұсқауы бойынша ол Степногорск қаласына есірткіні жасырын қойып кету үшін келгені анықталды», — делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 Қазіргі уақытта есірткіні өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Тағы оқыңыз:СҚО-да кіші өзендерде мұз жару жұмыстары жалғасуда

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x