саяжай маусымы

Бір-екі күннен соң өңірде саяжай маусымы ресми түрде ашылады. Сондықтан 1 мамырдан бастап қоғамдық көліктер саяжай бағыттарына шығады. Қала тұрғындарын саяжай қауымдастықтарына шамамен 15 автобус тасымалдайды. Көлік қыркүйектің 30-ына дейін жүрмек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бау-бақша серіктестіктері төрағаларының келісімі және ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша қоғамдық көліктердің жүруін 15-ші қазанға дейін ұзартуға болады. Жол ақысы өзгеріссіз қалды. Карточкамен жолақысы — 80 теңге, ал қолма-қол ақшамен 130 теңге тұрады. Саяжай жолдары да назардан тыс қалмайды. Мамыр айында саяжай қауымдастықтарына апаратын жолдарды тегістеу бойынша жұмыстар басталады.

«Біз тасымалдаушылармен және саяжай қауымдастықтарының төрағаларымен жиын өткіздік. Маршруттардың жүру уақыты келісілді. Қажет болған жағдайда оны өзгертуге болады. Алғашқы автобус таңғы 8-де, ең соңғысы кешкі 9-да жүреді»,-дейді «СҚО автокөлік одағы» қауымдастығының төрағасы Галина Семенова.

Тағы оқыңыз: Жолдардың сапасы сын көтермейді

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x