Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Еңбек мобильдiлiгi орталығының директоры лауазымына Нұрлан Төлеуұлы Бибұлаев тағайындалды. Оны обылстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Елжасов таныстырды, деп жазады Qazaqstan Media.
Нұрлан Бибұлаев 1964 жылы Қостанай облысы Октябрь ауданы Челгашы ауылында дүниеге келген. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын және «Фемида» Қарағанды заң институтын бітірген.
Әр жылдары ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының директоры, СҚО әкімі аппаратының бас инспекторы болып жұмыс істеді . Сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарында басшылық қызметтер атқарды.

Әкімшілік және басқару жұмысында үлкен тәжірибесі бар. Ол Есіл ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл ауданының әкімі болған. Облыстық жер қатынастары мен ауыл шаруашылығы басқармасында да қызмет етті. Соңғы жұмыс орны Жамбыл ауданындағы «Ақ ниет-Агро» ЖШС директоры.
Ал, осыған дейін еңбек мобильдiлiгi орталығына директор болған Аман Төрегелдин басқа қалаға қоныс аударуына байланыстыөз еркімен жұмыстан шығуға өтініш жазған.Оған Ринат Елжасов атқарылған жұмысы үшін алғыс білдіріп, облыс әкімінен алғыс хат табыс етті.

Тағы оқыңыз: Петропавлда бес олимпиадалық резервтегі спорт мектебі жұмыс істейді