Бірер күн бұрын Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Ата заңның жобасын жариялады. Ал бүгін облыс активі күтілетін саяси өзгерістерді талқылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жаңа Конституция кіріспе, 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Жиын шымылдығын ашқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жаңа құжат — әділетті Қазақстанның берік іргетасы болатынын атап өтті.

«Президент бірпалаталы Парламент құру туралы ұсынысын өз Жолдауында да айтқан болатын. Бұл шешім еліміздің дамудың даңғыл жолуына түсуіне зор септігін тигізеді деп ойлаймын. Барлығыңызды Мемлекет басшысының бастамасын қолдауға шақырамын», — деді СҚО әкімі.

Жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жария етілді. Бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім ел мемлекеттілігінің негізі ретінде белгіленді. Егемендік пен тәуелсіздік және біртұтастық өзгермейтін құндылықтар санатына жатқызылды. Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар Конституция деңгейінде бекітілген.

Президент Ұлттық құрылтайдың V отырысында «Халық кеңесі» құрылатынын жеткізді. Жаңа мемлекеттік органның құрамына 120-дан астам адам кіреді. Әр саланың жілігін шағып, майын ішкен азаматтар елдің дамуы үшін сүбелі үлес қосады, жаңа жобаларды өмірге әкеледі.

Жиында сөз сөйлеген облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Тоқшылық «Халық кеңесінің» мемлекетке әкелер пайдасы зор деп санайды. Айта кету керек, Ерлан Бейсенұлы Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамында болды.

СҚО активі Ата заңымызға енгізілетін өзгерістерді талқылады
СҚО активі Ата заңымызға енгізілетін өзгерістерді талқылады

«Біз ұсынып отырған өзгерістер — мемлекет тұрақтылығына салынған ұзақ мерзімді инвестиция. Бұл дағдарыстың алдын алуға, қоғам мен биліктің арасындағы сенімді нығайтуға және мемлекеттік басқарудың жаңа архитектурасын қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтардың да алдын алуға септеседі деп ойлаймын», — деді Ерлан Бейсенұлы.

Тағы оқыңыз: СҚО-да алдағы төрт күнде қар жауып, тұман  күтілуде

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *