Петропавлдың бас алаңында тегін берілген тюбингтердің қызығын жұрт ұзақ тамашалай алмады. Сырғанауға арналған «ватрушкаларды» біреулер шамасы, кәдесый ретінде алып кеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Желтоқсан айында қала әкімі Серік Мұхамедиев биылғы қыста бас алаңда сырғанақ орнатылатынын айтқан еді. Ал мердігер шамамен 10 тюбингті тегін пайдалануға беруге тиіс болатын.Ол сөзінде тұрды. Бірақ сырғанағыштар алаңда көп уақыт тұрмады.
Әкімдіктегілердің айтуынша, тюбингтер енді жоқ. Оған жаңа жылдық мерекенің аяқталғаны себеп емес. Оларды біреулер жай ғана алып кеткен немесе ұрлаған. Бұл факті бойынша полицияға арыз түспеген. Кімнің алып кеткені де белгісіз
Тағы оқыңыз: Қазақстанда бір млн-ға жуық адам жасанды интеллект бойынша оқытудан өтті

