СҚО бойынша тексеру комиссиясы Қызылжар ауданының жекелеген ұйымдарында бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін тексерген. Мемлекеттік аудит барысында 60 млн теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Аудиторлар Қызылжар ауданындағы бірқатар ұйымдарда тексеріс жүргізіп, 60 млн 540 мың теңгенің қаржылық заң бұзушылықтарын анықтаған. Қаржының 20 млн 844 мың теңгесі тиімсіз жоспарланған болып шықты. Ал бюджет ақшасы мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану сомасы – 80 мың теңгені құрады. Мемлекеттік аудит барысында рәсімдерді орындау тәртібінің 60 бұзушылығы анықталды.
«Аудит объектілері жалақыны, сыйлықақыларды, үстемеақыларды, іссапар шығындарын төлеу, жанар-жағармай материалдарын есептен шығару, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті және т.б. бұзушылықтарға жол берген. Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 13 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — делінген СҚО бойынша тексеру комиссиясы ұсынған ақпаратта.
Бұдан бөлек, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 57 материал бойынша материалдар тиісті органдарға жіберілген.
Тағы оқыңыз: М. Жұмабаев ауданында «Солтүстік-2025» қысқы спартакиадасы өтті