Сыбайлас жемқорлықты еңсеру — мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады.Оның басымдылығы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен нақты белгіленген. Призедентіміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті айта келе, қоғамның қатысуынсыз оны жеңуге болмайтынын бірнеше рет атап өтті,деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Айта кетейік, бүгінгі күні аудан әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведоомство аралық комиссия жұмыс сітейді, ол ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың маңызды құралы болып табылады. Жыл басынан бері комиссиямен бір отырыс өткізіліп, екі мәселе қаралды. Олар Уәлиханов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің жеке және заңды тұлғаларының өтініштерін қарау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы, сондай-ақ Құлыкөл ауылдық округінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстары жайлы болды. Отырыс қорытындысы бойынша аталған мекемелерде құқық бұзушылыққа қарсы жұмысты жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірленіп, жеткізілді.
«Жолдарды, мектептерді жөндеуге құрылыс пен аббатандыруға бөлінген бюджетке бақылау жүргізетін Қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Жыл басынан бері онымен екі отырыс өткізілді. Аудандық бюджеттің атқарылуы мен нақтылануы және Кішкенекөл ауылының автожолдарын қысқы күтіп ұстау мәселелері қаралды. Бүгінгі күні Қоғамдық кеңес мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде қоғамдық бақылау мен халықтың пікірін есепке алудың тиімді институтына айналып отырғанын атап өткім келеді», — деді Уәлиханов ауданының әкімі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оны алдын алу жұмыстары жүйелі сипатта болуы қажет және қоғамдық өмірдің барлық саласында жүргізілуі тиіс. Осы мақсатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспар әзірленген. Жоспар шеңберінде 8750 адамды қамтитын 200-ден астам тақырыптық іс-шаралар өткізілді. Мектепке дейінгі және орта білім беру қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын-алу бойынша 4 отырыс өткізілді. 776 оқушыны қамтитын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары жұмыс істейді.
«Орталық кітапхана жүйесінің базасында « Парасат жолы» орталығы жұмыс істесе, барлық ауылдық кітапханаларда «парасат жолы» бұрыштары бар. Бүгінде бұл бұрыштар мен орталық сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерін қабылдамау идеясын қалыптастыру жолындағы жақсы диолог алаңына айналды», — деді Уәлиханов ауданының әкімі.
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күресте және профилактикалық жұмыста үкіметтік емес ұйымдармен, аналар кеңестерімен, ақсақалдармен, ауданның этномәдени орталықтарымен өзара қиыл мен ынтымақтастықтың маңызы өте зор. Қоғам өкілдері халықты, оның ішінде жастарды рухани адамгершілік және азаматтық – патриоттық тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралардың белсенді қатысушылары екенін ерекше атап өту керек.
Қазіргі уақытта азаматтық қоғам бұл алдымен демократиялық қайта құру мен модернизацияның негізгі құралдарының бірі. Сондықтан үкіметтік емес секторды қолдау және оны ауданның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге тарту бойынша жұмыстар жалғасуда.
«Биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында шамамен 2 млн теңге бөлінді.Оның ішінде сыбайлас жемқорлықты алдын алу бағыты бойынша 700,0 мың теңге бөлінді. «Демеу» қоғамдық бірлестігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша тұрғындар арасында суреттер мен карикатуралар байқауын, жастар арасында пікірсайыс ойыны өткізілді. Жемқорлыққа қарсы 40 үгіт-насихат және ақпараттық плакаттарды, қоғамдық орындарда 200 буклеттерді орналастыру, сонымен қатар 2 тақырыптық баннер орнату жоспарланған. «Номад-Қызылту» қоғамдық бірлестігі аудан тұрғындары арасында футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, қазақша күресі бойынша «Сыбайлас жемқорлықты тоқтату» ұранымен жарыстар өткізілд», — деді Уәлиханов ауданының әкімі.
Тиісті ақпараттық жұмыстар мессенджерлер, танымал пабликтер, ауданның мемлекеттік органдарының әлеуметтік желелердегі парақшалары арқылы брошюралар, бейнероликтер тарату бойынша жүргізіледі. Бұл ақпараттық материалдарда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тәулік бойы және тегін колл-орталығының 1424 нөмірі көрсетілген. Онда сыбайлас жемқорлық фактілері туралы қоңырау шалуға және хабарлауға болады. Тұрғындар арасында 1200 ақпараттық парақшалар таратылды. 95-тен астам бейнероликтер мен жарияланымдар орналастырылды. 4 баннер орнатылды.
«Екі аудандық баспа газетінде арнайы айдарлар жұмыс істейді, олардың негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұсынған материалдар журналистер пулының мақалалары жарияланады. Жыл басынан бері баспа БАҚ-та құқық бұзушылықтың алдын-алуға бағытталған 9 материал жарияланды», — деді Уәлиханов ауданының әкімі.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру аудан әкімдігінің басты міндеті болып табылады. Мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылық фактілерін анықтау мақсатында 21334 сенім телефоны жұмыс істейді. Ауылдық округтер әкімдіктері аппараттарының ғимаратында және мемлекеттік мекемелерде азаматтардың өтініштеріне арналған жәшіктер орналастырылған. Басшылардың азаматтарды қабылдау кестелері де орналастырылған. Жеке және заңды тұлғалар кез-келген уақытта өз өтініштерін бере алады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жол бермеудің маңызды факторы мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығы мен кәсібилігі екені анық. Осыған байланысты аппараттық сабақтар үнемі өткізіліп тұрады. Онда мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларына қатысты мәселелер, оның ішінде мемлекеттік қызмет туралы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалар түсіндірілуде.
Ағымдағы жылдың 28 мамырында аудан әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар өтті. Спикер ретінде СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инспекторы Зайцева Светлана Николаевна шақырылды. Мұндай іс-шаралар бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілерді ақпараттандыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өткізіледі.
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес азаматтар өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, халықтың мемлекетке және оның институттарына деген сенімін нығайту саласында жұмыстар жүргізуді жалғастыратын боламыз. Бір ғана мемлекеттік органның күш-жігері жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерінде жеткіліксіз екенін, бұл жұмысқа барлық саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен халықтың белсенді қатысуы аса маңызды екенін атап өткім келеді. Сондықтан мен барлығын осы мәселеде белсенді болуға шақырамын. Тек бірлесіп жұмыс атқарып қана қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету мүмкін болмақ», — деді Уәлиханов ауданының әкімі Мұрат Абдулов.