Үкімет су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды қолдау және тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты тұрақты бақылауда ұстап отыр. Қазіргі уақытта 34 068 отбасына бір реттік 100 АЕК көлемінде өтемақы төленді. Осы мақсаттарға барлығы 12,5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта барлық облыста тұрғын үй мен саяжай құрылысын тексеру және бағалау жұмысы толығымен аяқталды.Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға 4 790 салынған және сатып алынған үй мен пәтер берілді.

Мәселен, 323 жаңа үй салынып, пайдалануға берілді. Солтүстік Қазақстан облысында 235 отбасы, Қостанай облысында – 57, Ақтөбе облысында – 26 және Павлодар облысында – 5 отбасы жаңа үйдің кілтін алды. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде күзге дейін барлығы 2 568 үй салып, тапсыру жоспарланған, жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр.

4 467 отбасы үшін қираған баспанасының орнына жаңа үй мен пәтерлер сатып алынды. Қостанай облысының тұрғындарына 315 тұрғын үй берілсе, Ақмолада – 219, Атырауда – 1372, Ақтөбеде – 447, Солтүстік Қазақстанда – 1102, Батыс Қазақстанда – 1004, Қарағанды – 6 және Павлодарда – 2 тұрғын үй берілді.

Комиссия шешімдерінің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 48,2 млрд теңгеге 8 717 отбасы тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды.

Тағы оқыңыз:СҚО-да сібір елігін заңсыз атқан аңшы жазадан құтыла жаздады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *