Су тасқынын болатынын синоптиктер желтоқсан айында болжаған

Көктемгі су тасқынын «Қазгидромет» мамандары қыстың басында болжап, әкімдіктерге ескерткен. Тіпті қызыл судың келетінін үш сағат бұрын болжауға  болады, деп отыр мамандар. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК бас директоры тілшілерге айтты деп, жазады Qazaqstan Media.

Синоптикетр көктемгі су тасқыны туралы желтоқсанда ескерттік деп отыр. Бірқатар өңірлерде топырақта ылғал көп болып, кейін қатты аяздарда жер тоңы терең қатқан. Мұндай жағдай СҚО, БҚО, Атырау, Ақмола және ШҚО, Абай, Ақтөбе  облыстарында тіркелген.

«Қазгидромет жан-жақты болжам жасап, барлық ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға жібердік. Қазір қауіпті аймақта  Деркөл, Шаған, Елік және Шыңғырлау өзендері бойында орналасқан аудандар бар. Бұл аймақтарда дауылды ескерту жарияланды.  Біз жергілікті атқарушы органдарға ақпарат бердік. Қазір Ақтөбе облысындағы судың беті қайтты. Бірақ СҚО, ШҚО, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарында су деңгейі  айтарлықтай көтеріліп жатыр. Батыста трансшекаралық өзендер арқылы су деңгейінің көтерілуі күтілуде», — деді «Қазгидромет» РМК бас директоры Данара Әлімбаева.  

Сондай-ақ маман, су тасқынын үш сағат бұрын болжауға болатындығын айтты.

Тағы оқыңыз: Е. Нысанбаев: СҚО өзендерінде су деңгейінің көтерілуі және қауіпті көрсеткіштердің артуы байқалады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x