Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тақыны кезінде көмекке басқа өңірлерден келген әскери қызметкерлермен кездесті. Орналастыру пунктіне барған олар демалуға және ұйықтауға арналған орындарды, асхананы тексерді, деп жазады Qazaqstan Media.
Су тасқынымен күрес жұмыстарына қазір бірнеше өңірдің әскерилері жұмылдырылған. Оларға жатын орын, асхана ұйымдастырылған. Мәселен, Астана және Қарағанды әскери бөлімдерінің жиынтық отрядтарынан 600-ден астам әскери келген. Олар Петропавл мен Бескөл ауылында орналастырылды. Тұрмыстық заттар мен гигиенаны қоса алғанда, барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Дәрі-дәрмектер жеткілікті. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері сарбаздардың денсаулықтарын тексеріп отырады.
Әскери қызметкерлер қажет болған жағдайда еріктілер штабынан, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан жедел көмек алады.
Кездесу барысында Роман Скляр әскери қызметшілерге әскери еңбегі және табиғи апатқа қарсы күрестегі көмегі үшін алғысын білдірді.
Тағы оқыңыз: Тұрғындарды эвакуациялау жалғасуда: Тасқын су Долматово ауылына жетті