Ақжарлық Нұрлыбек Шахметов көктемгі су тасқыны кезінде Петропавлға ерікті ретінде келіп, тұрғындарға көмектескен. Еңбегі еш кетпей, ол «Ерен еңбегі» медалімен марапатталды. Қазіргі кезде қарапайым ауыл азаматы, жергілікті серіктестіктердің бірінде механизатор болып жұмыс істейді, деп жазады Qazaqstan Media тілші.

Нұрлыбек Шахметовтың қайырымды ісін ауыл азаматтары ғана емес, облыс тұрғындары да жақсы біледі. Ол биылғы су тасқыны салдарын жоюға белсенді қатысқан азаматтардың бірі. Ақжар ауданының тұрғыны көпшіліктің басына түскен қиын кезде қол ұшын созуға өзі ниет еткен. Алқатерек ауылынан ерікті ретінде жалғыз өзі тіркелген.

Су тасқыны салдарын жоюға қатысқан ақжарлық механизтор марапатталды

«Су тасқыны кезінде әкімшілік Петропавлға апат салдарын жоюға адам жинап жатыр дегенді естідім. Ол кезде жұмыссыз едім. Бірден келістім. Ойқала мен Заречный кентінде су басқан үйлерді ретке келтірдік. Баспаналардан, аулалардан суды сордық. Тасқын сумен көпшілік болып күресу керек болды. Петропавлда ағайын-туыстарым көп тұрады. Сондықтан шетте қарап тұра алмадым», — дейді QM тілшісіне берген сұхбатында Нұрлыбек Шахметов.

Ақжарлық азаматтың еңбегі зая кеткен жоқ. Республика күніне арналған мерекелік шарада оған облыс әкімі «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады.
Қазіргі кезде Нұрлыбек Шахметов «Агро Алқатерек» ЖШС механизатор болып еңбек етеді. Бұған дейін түрлі салада жұмыс істеген. Бірақ, қай салада болса да жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Үш баланың әкесі өнерден де кенде емес.

Су тасқыны салдарын жоюға қатысқан ақжарлық механизтор марапатталды

«Жас кезімнен гитарамен ән айтамын. Көбіне Ауған соғысы ардагерлеріне ұйымдастырылған шараларда өнер көрсетемін. Аудандық мәдениет үйіне арнайы шақырады. Домабыраны да шертіп, ән саламын», — деп өз қызығушылығымен бөлісті кейіпкер.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық жастар экология тақырыбында білімдерін сынады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *