Су тасқыны кезінде малынан айырылған тұрғындарға өтемақы төлеу алгоритмі әзірленіп, бекітілді

Қазақстанда су тасқыны басталғалы сегіз мыңнан астам бас мал қырылған. Қазір республикалық штаб өлген мал иелеріне өтемақы төлеу алгоритмін әзірлеп, бекіткен. Бұл туралы бүгін ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР АШМ ресми өкілі хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Су басқан өңірлерден 88 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге көшірілген. Дегенмен, шығынсыз да болмады. Жедел деректер бойынша өлген мал саны 8,1 мың басты құрайды. Республикалық эпизоотияға қарсы отряд тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында жануарлардың өлекселерін жою жұмыстарын қарқынды жалғастыруда.

«Бүгінгі таңда 4,1 мың бас өлген мал жойылды. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша бұл жұмыс күшейтілген режимде жалғасады. Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабпен өлген мал иелеріне өтемақы төлеу алгоритмі әзірленіп, бекітілді. Меншік иелері мен залалды анықтау және басқа да мәселелерді шешу үшін өңірлерде жергілікті атқарушы органдармен шығынды анықтау жөніндегі комиссиялар құрылды», — деді ҚР АШМ ресми өкілі Олжас Тілебалдин ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Ауыл шаруашылығы жануарларына меншік құқығы комиссиялардың актілерімен расталады. Меншік иелеріне өтемақы мөлшері ұлттық статистика бюросы жариялаған жануарлардың түрлері, жынысы мен жас шамасы бойынша нарықтық құны туралы мәліметтер негізінде айқындалатын болады.

Тағы оқыңыз: Есіл ауданында төтенше жағдай режимі жариялануы мүмкін

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x