Су тасқыны қаупі бар өңірлер белгілі болды

Бүгін министрлер кабинетінің отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов қай өңірлерде су тасқыны қаупі жоғары екенін айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Қазгидромет» мамандарының алдын ала болжамына сүйенсек, еліміздің басым бөлігінде қаңтар және ақпан айларында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2°С жоғары болады. Жауын-шашын мөлшері де нормадан көп болады деп болжанып отыр. Бұл ретте бес өңірде қардың түсуі 70 пайызға дейін, 12 өңірде 90 пайыздан астам болуы мүмкін дейді Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов.

«Сондықтан оңтүстік өңірлерде өткен жылғы ақпан айларындағы су тасқынын, ал солтүстік өңірлерде желтоқсан айында температураның күрт төмендеуіне және қар болмауына байланысты топырақтың терең қату ықтималы бар екенін ескеру керек. Осыған орай осы өңірлерде қазірдің өзінде жоғары деңгейдегі дайындық режиміне өту керек», — деді министр.

Осы орайда министр әкімдіктер елді мекендерден қарды қауіпсіз жерлерге уақтылы шығаруды қамтамасыз ету керек екенін атап өтті

Тағы оқыңыз: Отбасында жанжал шығарған азаматтар үйінен уақытша шығарылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x