Солтүстік Қазақстанға көмек көрсету үшін Қарағанды қаласынан 50 әскери қызметші келді. Олардың басты міндеті – көктемгі су тасқынының алдын алу болып табылады, деп жазады Qazaqstan Media.

Қызылжар ауданына Қарағанды қаласының 28234 әскери бөлімінің қызметшілері келді. Олар аудандағы су басу қаупі бар ауылдарда топырақ үйінділерінен жасалған бөгеттерді полипропилен материалдармен қаптайтын болады. Сонымен қатар, инертті материалдарды қаптаумен айналысады. Бұл елді мекендерді тасқын кезінде қорғауға септігін тигізбек.

Сонымен қатар, Қарағанды қаласынан бес техника да жеткізілді. Өңірде көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар қазір қарқынды жүргізіліп жатыр.

Былтыр көктемде Қызылжар ауданы табиғи апаттан ең көп зардап шеккен аудандардың бірі. Бірнеше ауыл су астында қалып, тұрғындар баспаналарын тастап көшуге мәжбүр болған еді. Кейін апатты деп танылған үйлердің орнына, иелеріне жаңа баспаналар берілді. Тасқын су келтірген шығын барынша өтелді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да алғаш рет ұялы байланыс операторы жауапқа тартылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *