Солтүстік Қазақстан облысында су деңгейінің жоғарылауына және қардың көп еруіне байланысты Петропавл қаласы мен Тайынша ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Су тасқыны басталғаннан  бері облыста барлығы 28 тұрғын үй су астында қалды. 70-тен астам адам эвакуацияланып, 226 бас мал қауіпсіз жерге шығарылған. 5 автожол участкесіне зақым келген. Абырой болғанда облыста су тасқынынан құрбан болғандар жоқ.Қазіргі уақытта су астында қалған 7 тұрғын үйді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

​«Жергілікті жерлердегі прокурорлар уәкілетті мемлекеттік органдардың заңдылық пен құқықтық тәртіп режимін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіреді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген арнайы ережелер қолданылатын болады.Жергілікті атқарушы органдар  өтемақы төлеу мақсатында зардап шеккендердің тізімін әзірлеп жатыр. Бұл мәселе облыс прокурорының ерекше бақылауында», — деді облыс прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Али Саттар

Қадағалау органдары әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде су тасқынына қатысты жалған ақпаратты  таратқан адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Сондықтан облыс прокуратурасы тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. Кез келген өңір тұрғыны құқықтық сипаттағы барлық мәселелерге қатысты тұрғылықты жері бойынша прокуратура органдарына жүгіне алатынын ескертеді.

Тағы оқыңыз:СҚО-да 150-ге жуық адам бөгетті нығайтуға көмектесті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x