Солтүстік Қазақстан облысында республикалық референдум қызу өтіп жатыр. Дауыс беруге алғашқылардың бірі болып Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев келді, деп жазады Qazaqstan Media.

Олар өз азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін облыстық мәдениет орталығы ғимаратында орналасқан №595 дауыс беру учаскесіне барды.

СҚО және Петропавл қаласының әкімдері дауыс берді
СҚО және Петропавл қаласының әкімдері дауыс берді

«Бұл баршамыз үшін шын мәнінде тарихи сәт деп ойлаймын. Біз өз болашағымыз бен балаларымыздың келешегі үшін дауыс беріп жатырмыз. Жаңа Конституция — бұл тек басты заңның мәтініне енгізілген өзгерістер ғана емес. Бұл, ең алдымен, мемлекет, экономика және билік институттарын дамытуға арналған жаңа да нақты тетіктер. Облыс тұрғындары мен петропавлдықтардың референдумға белсенді қатысып жатқаны қуантады. Әр дауыс маңызды. Себебі елдің ертеңін халықтың таңдауы айқындайды», — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Айта кетейік, осы учаскеде 23 адам алғаш рет дауыс береді. Солардың бірі — Сабина Салтықова. Жуырда ғана 18 жасқа толған бойжеткен учаскеге ата-анасымен бірге келген. Ол Манаш Қозыбаев атындағы университетте оқиды. Болашақта орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болуды армандайды.

СҚО және Петропавл қаласының әкімдері дауыс берді
СҚО және Петропавл қаласының әкімдері дауыс берді

Облыс әкімі жас сайлаушыны құттықтап, оған Мағжан Жұмабаевтың кітабын сыйға тартты.

«Бұл мен үшін өте маңызды. Ең алдымен, мен елім алдындағы азаматтық борышымды орындап тұрмын. Сонымен қатар, менің бүгінгі таңдауым өз болашағыма да, Қазақстанның келешегіне де тікелей әсер ететінін түсінемін», — деді студент.

Учаскелердегі дауыс беру барысын тәуелсіз бақылаушылар жіті қадағалап отыр. Александр Штро үкіметтік емес ұйымдардың өкілі ретінде бақылау жүргізуде. Оның айтуынша, учаскедегі жұмыс заң аясында, ешқандай заңбұзушылықсыз өтіп жатыр.

СҚО және Петропавл қаласының әкімдері дауыс берді
СҚО және Петропавл қаласының әкімдері дауыс берді

«Дауыс беру үдерісі штаттық режимде өтуде. Учаске Қазақстан Республикасының Әнұранымен, барлық талапқа сай ашылды. Біз барлық хаттамаларды қарап шықтық, комиссия мүшелері бекітілген рәсімдердің бәрін сақтап отыр. Егер қандай да бір бұзушылық байқалса, бізде арнайы “бақылаушы дәптері” бар. Онда қажетті ережелердің бәрі жазылған. Біз заң аясында әрекет етеміз. Біздің топ кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Барлығы үш адамбыз, сағат сайын ауысып отырамыз», — деді Александр Штро.

Жалпы, №595 учаскеге 1290 сайлаушы тіркелген. Сағат 10:00-ге дейін олардың шамамен алпысы дауыс беріп үлгерген. Әдетте таңертең учаскеге зейнеткерлер мен орта жастағы азаматтар белсендірек келеді, ал жастар көбіне түстен кейін дауыс беруді жөн көреді.

Сондай-ақ, бұл учаскеде дауыс берген ең егде жастағы тұрғындардың бірі — 80 жастан асқан қария. Бұдан бөлек, денсаулығына немесе өзге де жағдайларға байланысты үйде дауыс бергісі келетін азаматтар түскі 12:00-ге дейін өтініш бере алады. Осындай қызметті пайдалануға ниет білдіргендердің бірі — жуырда 92 жасқа толған кейуана.

Тағы оқыңыз: Петропавлда алғаш рет дауыс берген жастар қатары толықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *