Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын сәуір айында құбылмалы ауа райы күтіп тұр. Ай әдеттегіден жылырақ болады деп болжанғанымен, жауын-шашын, қатты жел және шаңды дауыл  болуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Синоптиктердің болжауынша, сәуір айындағы орташа ауа температурасы +4…+7 градусты құрайды. Бұл климаттық нормадан шамамен 1 градусқа жоғары.

Айдың алғашқы онкүндігінде ауа температурасы айтарлықтай құбылады. Күндіз +16…+19 градусқа дейін жылынса, түнде 0-ден +10 градус болады. Сәуірдің басы үшін бұл — кәдімгідей көктемнің жайма-шуақ сыйы.

Екінші және үшінші онкүндіктерде күн біртіндеп жыли түседі. Түнгі температура кезең басында -2…-5 градус шамасында болса, ай соңына қарай +15…+18 градусқа дейін көтеріледі. Ал күндіз ауа температурасы -1…+3 градустан +18 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Алайда айдың соңы қайта салқындауы ықтимал. Синоптиктер үшінші онкүндіктің соңында суық ауа массасының енуін болжап отыр. Соның салдарынан кей жерлерде түнгі температура -2 градусқа дейін төмендеп, күндіз +5…+10 градус шамасында болуы мүмкін.

Жауын-шашын мөлшері де қалыпты деңгейге жуық болады. Сәуірде өңірде 17–33 мм жауын-шашын түсуі мүмкін. Сонымен қатар кей күндері жел күшейіп, екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі ықтимал. Өңірдің кей аумақтарында шаңды дауыл да болжанып отыр. 

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жыл басынан халық саны 32 418 адамға өскен

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *