Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда 13–23 наурыз аралығында  «Nauryz Sale» акциясы басталады. Акция кезеңінде азық-түлік және азық-түлік емес тауар топтарына 10–70 пайыз аралығында мерекелік жеңілдіктер ұсынылады, деп жазады Qazaqstan Media.

Бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы ынталандыруға бағытталған. Акциялық тауарлар сауда залдарында арнайы мерекелік навигация және «Nauryz» фирмалық безендіруі арқылы белгіленеді. 

Акцияға ішкі сауда саласының шамамен 300 субъектісі қатысады. Олардың қатарында 140 сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығы бар. 140 сауда желісі және 20 электрондық сауда субъектісі де қатысады.  

«Акция аясында отандық өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударылады. Сауда орталықтарында қазақстандық өндірушілердің өнімдері ұсынылатын арнайы сату аймақтары ұйымдастырылып, онда тауарлар нарықтағы бағадан орта есеппен 10–20 пайызға төмен бағамен сатылатын болады»,-деп хабарлады ҚР сауда және интеграция министрлігі.

Елдің ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында ұлттық нақыштағы фотозоналар ұйымдастырылады. Қазақстан бойынша 11 сауда нүктесі бар «Тарбие» ұлттық киім дүкені ұлттық нақыштағы киімдерді ұсынады. Келушілер оларды киіп көріп, естелікке суретке түсе алады. Мұндай аймақтарды еліміздің ірі сауда орталықтарында орналастыру жоспарланған.  Петропавлда Dostyk Mall сауда орталығында өтеді. 

СҚО-ның ірі сауда орталықтарында Наурыз мерекелік акциясы басталады
СҚО-ның ірі сауда орталықтарында Наурыз мерекелік акциясы басталады

Сонымен қатар,  Қазақстанның сауда субъектілері арасында «Sauda in Digital Nauryz» республикалық конкурсының өткізіледі. Конкурс 2026 жылғы 13–20 наурыз аралығында өтеді және сауда нысандарын мерекелік безендіруде заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ инновациялық сервистерді дамытуға бағытталған.

Қатысушылар өз жобаларын төрт номинация бойынша ұсына алады: «Үздік цифрлық безендіру», «Үздік цифрлық құттықтау», «Жасанды интеллектті үздік пайдалану» және «Ең креативті Digital-жоба». Қатысу үшін Instagram әлеуметтік желісінде #saudadigitalnauryz хештегімен бейнеролик жариялайды. Сауда және интеграция министрлігінің ресми парақшасын белгілеу қажет. Конкурс қорытындысы 2026 жылғы 20 наурызда шығарылады. 

Тағы оқыңыз: Петропавлда ер адам көшеде пышақ алып жүрген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *