Tiryaki Agro түрік компаниясы өңірімізде май шығару зауытын салуды жоспарлап отыр. Кәсіпорын бір күнде 1500 тоннаға дейін өнім шығаратын болады, деп жазады Qazaqstan Media.

Tiryaki Agro- халықаралық агрохолдинг. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аталмыш түрік паниясының өңірлік директоры Коксал Салих Юлдузпен кездесті. Халықаралық агрохолдинг Qyzyljar арнайы экономикалық аймағында май шығару зауытын салуды жоспарлап отыр. Кәсіпорында күнбағыс, рапс және зығыр майын өндіру көзделген, өндірістік қуаты тәулігіне 1 500 тоннаға дейін жетеді.

«Біздің өңір дәнді және майлы дақылдар өндірісінде, оның ішінде күнбағыс, рапс және зығыр бойынша жетекші орында. Майлы дақылдарды өңдеуге бағытталған бұл жобаның жүзеге асуы облыстың өңдеу өнеркәсібін ары қарай дамытуға септеседі. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын құруға, өңдеу қуаттарын арттыруға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын күшейтуге мүмкіндік береді»,- деп атап өтті өңір басшысы.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *