Петропавлдағы Пестрое көлінде жұртты елең еткізер оқиға орын алды. Соңғы күндері су айдынында шортан балығының жаппай қырылуы тіркелуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Келеңсіз оқиғаны тұрғындардың бірі видеоға түсірген. Қазір бұл бейнежазба қызу талқыланып жатыр. Елең еткізерлік жайт бойынша жауапты органға хабарластық.

Мамандар мән-жайды түсіндіріп, дүйім жұртты дүрлікпеуге шақырды. Болжам бойынша шортанның қырылуына көлді оттегінің жетіспеушілігі немесе улы заттардың таралуы себепші емес.

«Бұл жағдай 2024 жылғы су тасқынымен байланысты болуы мүмкін. Өзендер арнасынан асты, үлкен көлемде қызыл су жайылды. Осы кезеңде балықтар мекендерін ауыстырды. Бұл – қалыпты құбылыс. Өзіміз жақсы білетіндей, көлдегі оттегі деңгейі өзенмен салыстырғанда төмен. Шортан үшін қолайсыз. Осының салдарынан қырылу – шындыққа жақын нұсқа», — деді Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің басшысы Ильдар Кәкімов.

Қазіргі таңда мамандар су сынамаларын алып, нақты себептерді анықтауға кіріскен. Ал тұрғындар табиғаттағы бұл өзгеріске алаңдаулы. Сарапшылар жағдай тұрақталғанға дейін көл маңында сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 73 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *