Көктем келіп, күн жылыған мезетте жәндік атаулымен қатар кенелер де тіріліп, адамдарға қауіп төндіреді. Жыл басынан облыста 10 адамды кене шаққан, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қансорғыштың бұл түрі әсіресе сәуір мен қыркүйек айларының аралығында өте белсенді. Кенелер көбіне қала мен облыс аумағындағы демалыс саябақтары мен орман ішінде жиі кездеседі. Сол себепті мамандар табиғат аясында серуендегенде сақтық шараларын қатаң ұстануға кеңес береді.

Жыл басынан облыста 10 адамды кене шаққан. Оның үшеуі — 14 жасқа дейінгі бала. Ал 2025 жылы мұндай мыңға жуық жайт тіркеліпті.

«Аш кенелер адамдардың киіміне жабысып алып, дененің ашық бөлігіне өтуге ұмтылады. Қансорғыштар адам мойыны, шаш арасына еніп, өздеріне ыңғайлы мекен іздейді. Сондықтан табиғат аясына саяхаттағанда ашық түсті киімдер киіп, кене еніп кетуі мүмкін деген дене мүшелерін мейлінше жабық ұстау қажет. Ал кене шаққан жағдайда, бірден жақын маңда орналасқан емдеу мекемесіне жүгінген абзал», — деді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Белдік тақ» акциясы өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *