Назар аударыңыз! СҚО-да республикалық маңызы бар автожол жабылды. Бұған ауа райының күрт суытуы себеп болып отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
СҚО-да республикалық маңызы бар автожолға шектеу қойылды. Бұған қолайсыз ауа райы (жоғарғы қар, төменгі боран, екпінді жел, көрінудің шектелуі) себеп. Дәлірек айтсақ, республикалық маңызы бар автожолдардың келесі учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді:
KAZ13 «Жезқазған – Арқалық – Петропавл»
📍 595–624 км (Ақмола облысының шекарасынан Дружба ауылына дейін). Шектеу барлық көлік түрлері үшін. Қозғалысты болжам бойынша
10 наурыз, сағат 12:00-де ашылады.
Тағы оқыңыз: Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны


