Петропавлда алдағы референдумды қолдауға арналған шаңғы жарысы өтті. Дәстүрге сай спорттық шара Борки кентінде орналасқан базада ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Мұнда 300-ден астам адам жиылды. Олар: әртүрлі саланың тұтқасын ұстаған солтүстікқазақстандықтар. Сайыс бірнеше қашықтықтан тұрды.
Алдымен әуесқойлар мүмкіндіктерін сынады, кейін мықтылар 3 және 5 шақырымға жүгіріп, шуақты көктемдегі жарыстың көркін келтірді. Ал соңында ардагерлер 2,1 шақырымды бағындырды. Бұл – жерлестерімізді жақындастыра түскен достық мерекесі. Қатысушылар наурыздың 15-ші жұлдызында дауыс беруге ниетті.

«Бүгін жарысқа түрлі сала өкілдері қатысып жатыр. Олар: күштік құрылым қызметкерлері, медицина, білім беру саласының мамандары және өзгелер бар. Негізгі мақсат – тұрғындарды белсенді өмір салтына баулып, шаңғы спортына деген қызығушылықтарын арттыру. Сонымен қатар, халықты алдағы саяси науқанға шақыру болып табылады», — деді қысқы спорт түрлері бойынша БЖСМ директоры Владимир Щербаков.
Тағы оқыңыз: Петропавлда «Қауіпсіздік мектебі» акциясы бастау алды


