Мамлютка ауданындағы Мамлютка қаласында экологиялық акция отбасылық сенбілік форматында ұйымдастырылды. 11 сәуір күні қала тұрғындары балаларымен және немерелерімен бірге аулалар мен қоғамдық орындарды тазалау үшін сенбілікке шықты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сенбілікке қатысушылардың бірі – Мамлютка қаласының тұрғыны Светлана Адилова. Ол сенбілікке қызы Альмирамен бірге келген.

СҚО-да Мамлютка қаласында отбасылық сенбілік өтті
СҚО-да Мамлютка қаласында отбасылық сенбілік өтті

«Біз қызыммен бірге тек тазалыққа үлес қосып қана қоймай, тазалық әр адамның өзінен басталатынын көрсеткіміз келді. Балалар кішкентайынан бастап туған қаланың тазалығы өздеріне де байланысты екенін түсінсе дейміз. Осындай сенбіліктер отбасыны біріктіріп, туған жерге деген жанашырлықты қалыптастырады», – деді Светлана Адилова.

Қатысушылардың айтуынша, акцияның отбасылық форматы мұндай шараларды ерекше жылы әрі маңызды етеді. Бұл – тек аумақты тазалау ғана емес, бірге уақыт өткізіп, балаларға үлгі көрсету және туған жерге деген сүйіспеншілікті сіңіру мүмкіндігі.

Сенбілікке қатысқан тағы бір тұрғын – Галина Анатольевна Риттер. Ол немерелерімен бірге өз ауласының маңын тазалады.

СҚО-да Мамлютка қаласында отбасылық сенбілік өтті
СҚО-да Мамлютка қаласында отбасылық сенбілік өтті

«Бұл біз үшін немерелерімізбен бірге уақыт өткізіп, оларға өзгенің еңбегін құрметтеуді және туған жерге қамқор болуды үйретудің бір жолы. Олар туған қаланың тазалығы әрбір ауладан, көше мен саябақтан басталатынын түсініп өссе екен дейміз. Өкінішке қарай, кейбір адамдар қарапайым ережелерді сақтамай, жүрген жерінде қоқыс тастап кетеді», – деді Галина Риттер.

Мамлютка тұрғындары мұндай отбасылық сенбіліктер адамдарды ортақ әрі пайдалы іске жұмылдыратынына сенімді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда Пестрое көлінің маңында экопарктің құрылысы басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *