Қозыбаев университетінде ғылым және технологиялар кеңесінің отырысы өтті. Оның құрамына белгілі ғалымдар мен кәсіпкерлер кіреді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ғылым мықты болса, мемлекет те қуатты болады деп ұрандатқан жандар алқалы жиын барысында өзекті мәселелерді талқылады. Шара шымылдығын облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ашып, білім ордасында ашылған зертханалардың маңыздылығына тоқталды.

СҚО-да ғылым және технологиялар кеңесінің отырысы өтті
СҚО-да ғылым және технологиялар кеңесінің отырысы өтті

«Бүгін университетте су сапасын бақылау және агрохимиялық талдау жөніндегі қос зертхана ашылды. Бұл университеттің ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл үрдіс жалғасын табады деп ойлаймын», — деді СҚО әкімі.

Шара барысында өңірдің ғылыми әлеуетін арттыру, әлеуметтік-экономикалық даму процесіне инновацияларды енгізу мәселелері қаралды. «Қай заманды алып қарасақ та, дамудың басты кілті бұл — ғылым. Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы — білімнің жемісі. Қазіргі озық технологиялар заманында аталған бағыттарсыз алға жылжу мүмкін емес», — дейді Қозыбаев университетінің басқарма төрағасы Ербол Исақаев.

СҚО-да ғылым және технологиялар кеңесінің отырысы өтті
СҚО-да ғылым және технологиялар кеңесінің отырысы өтті

«Соңғы жылдары университет білім мен ғылымға ерекше көңіл бөліп жүр. Жүзеге асырылып жатқан тың жобаларымыз жетерлік. Алдағы уақытта қытайлық компаниямен бірлесіп, дақылдарды зерттейтін орталық ашуды жоспарлап отырмыз. Білім ордасына мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіліп жатыр деп айта аламын. Мәселен, 2024-ші жылы оқу орнында ғылыми бағытқа 320 млн теңгеден астам қаржы бағытталса, былтыр бұл сома 3 есеге артты», — деді Ербол Исақаев.

Шара аясында университеттің тың жобалары көрсетілген көрме қанат жайды. Облыс әкімі тапқыр жандардың ойлап тапқан дүниелерін көріп, жоғары баға берді. СҚО — су ресурстарына бай өлке. Өңірде 2 мыңнан астам өзен мен көл бар. Ондағы тіршілік көзін тексеру аса маңызды.

Бұдан былай бұл жұмыспен университетте ашылған су ресурстарын зерттеу орталығы айналысады. Орталық су сапасын тексеріп, ластану деңгейін анықтайды. Суару жүйелерін ұйымдастыруға көмектеседі. Тиісінше, шаруашылықтарға тіршілік көзін тиімді пайдалану жолдарын көрсетеді. Сонымен қатар, су тапшылығының деңгейін де анықтай алады.

СҚО-да ғылым және технологиялар кеңесінің отырысы өтті
СҚО-да ғылым және технологиялар кеңесінің отырысы өтті

«Біз бірнеше серіктестікпен келісімшарт жасастық. Өңірдегі ірі шаруашылықтар жануарларға беріп жүрген суларын бізге әкеледі. Тиісінше, зертханада оның жарамды не жарамсыз, пайдасы бар не жоқ екені анықталады. Алдағы уақытта облыстағы өзен-көлдерді зерттеуді жоспарлап отырмыз. Жобаның құны — 3 млрд теңге. Мына қондырғылардың барлығын Еуропа елдерінен әкелдік», — деді М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың профессоры Дмитрий Берилло.

Шара соңында университет пен өңірдегі ірі серіктестіктер салалық консорциумдар құру туралы келісімге қол қойды. Бұл меморандум ғылым мен бизнес арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған.

Тағы оқыңыз: Анастасия Антоненко: «Жаңа Конституция бай мәдени мұрамызды келер ұрпаққа жеткізуге жол ашады»

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *