Теріскейлік еріктілер су тасқынынан зардап шеккен Дағыстан тұрғындарына жылу жинап жатыр. Жомарт жандар белсенділердің жетекшісі Дамир Қанапияұлымен байланыса алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Игі істі ерікті Дамир Қанапияұлы бастамасымен жүзеге асуда. Ол жомарт жандар берген ақшаға өзінің жеңіл көлігімен базарлар мен дүкендерді аралап, азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттарды сатып алады. Кейін жиналғанның барлығын сақтау орнына жеткізеді.

Әзірге гуманитарлық көмек аз жиналған. Тұрғындардың көбі азық-түлік әкеледі. Жергілікті серіктестік еріктілерге бір жүк көлігін берген. Ол толғаннан кейін Дағыстанға жөнелтіледі.

«Егер көмек көп мөлшерде болса,«Alageum Electric» бізге жүк көлігін бермекші. Махачкалаға дейін жеткіземіз. Ал егер аз жиналса, жолға «Газель» көлігімен шығамыз. Біз дағыстандық еріктілермен байланыстамыз. Бізде су тасқыны болған кезде олар да көмектескен болатын», — деді ерікті Дамир Қанапияұлы.

Жомарт жандардың ‪+7 707 679 9259‬ өміріне хабарласып, Дамирмен байланыса алады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да полицейлер 40-тан астам қаруды тәркіледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *