2025 жылы облыста «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды жұмыс атқарылған. Тұрғындар да белсенді. Дәлірек айтсақ, былтыр өткен сенбіліктерге 170 мыңнан астам адам қатысқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

2025 жылы «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен сенбіліктерге 170 мың адам қатысты. 72 мың тоннадан астам қалдық шығарылды. Сонымен қатар, 9 мың аула аумағы абаттандырылды.

Тазалық шаралары аясында 195 мың жасыл желек отырғызылды. 28 балалар және спорт алаңы орнатылды. Петропавл қаласында және облыс аудандарында саябақтар, скверлер мен аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

СҚО-дағы жылу желілері 66 пайызға тозған
СҚО-дағы жылу желілері 66 пайызға тозған

«Петропавл қаласында Конституция көшесін қайта жаңғыртудың бірінші кезеңі және «Подгора» шағын ауданын абаттандыру жұмыстары аяқталды. 2026 жылы абаттандыру жұмыстарын жалғастыруға 3,4 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде қоғамдық кеңістіктерді реконструкциялау, аулаларды абаттандыру және балалар мен спорт алаңдарын орнату бар», — деді СҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Әлішер Беспаев.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ағаштарды заңсыз кескен тұлғалар жауапкершілікке тартылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *