Облыста интернет алаяқтық фактілері азаймай тұр. Былтыр облыста қулар 1 млрд 400 млн теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Тәртіп сақшыларының бастамасымен өңірде тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ауқымды шаруа тындырылған. Соған қарамастан облыста интернет алаяқтық фактілері азаймай тұр. Былтыр интернет алаяқтар 1 млрд 400 млн теңгеден астам шығын келтірді. Оның жартысына жуығы тұрғындарға қайтарылды.
Бұл мәліметтердің барлығы СҚО ПД бастығы Абай Жүсіповтің халық алдындағы есептік кездесуінде айтылды. Спикердің сөзінше, тұрғындар алаяқтарға алданбас үшін аса сақ болған абзал.

«Алаяқтар көбінесе өздерін банк қызметкері немесе құқық қорғау органдарының өкілі ретінде таныстырады. Оңай ақша ұсынады немесе сіздің шотыңызға бейтаныс адамнан ақша түсті деп алдайды. Сондықтан бейтаныс нөмір хабарласса мүлдем көтермеңіздер», — деді өңір бас полицейі.
Тағы оқыңыз: Петропавлда өнер университетінің филиалы ашылады

